Қытайда 1110 миллиардер бар: әлемдік байлықтың шоғырлануы Азияға ойысты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген": Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

"Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген": Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты
kznews.kz коллажы

Журналист Асхат Ниязов белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматовпен сұхбаттасып, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ел арасында айтылып жүрген әңгімелер туралы сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әңгіме барысында журналист Эльдар Айтматовтан кезінде Шыңғыс Айтматов Асқар Ақаевтың билікке келуіне ықпал етті деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Эльдар Айтматов бұл деректің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, Асқар Ақаевты билікке әкелгендер – сол кездегі партия қайраткерлері.

"Бұл толықтай шындыққа сәйкес келмейді. Менің білуімше, Асқар Ақаевтың кандидатурасын сол кездегі партия өкілдері өздері ұсынған. Әкем бұл процеске қатыспаған, тіпті Ақаевтың ұсынылғанын да білмеген", – деді ол.

Эльдар Айтматовтың айтуынша, Шыңғыс Айтматов ол кезде Қырғызстан президенті ретінде басқа адамды көргісі келген.

Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты да әңгіме қозғалды. Эльдар Айтматовтың сөзінше, Қазақстанда бірінші басшыны тағайындау мәселесі қаралып жатқан кезеңде Назарбаев Шыңғыс Айтматовтан Михаил Горбачевпен кездесу ұйымдастыруға көмектесуін сұраған.

Оның айтуынша, сол сәтте Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген.

"Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдау бөлмесінде кездесуді күтіп отырған. Ал Горбачев онымен кездеспейтінін, сөйлеспейтінін айтқан. Кейін әкем Михаил Сергеевичті Назарбаевты қабылдауға, сөйлесуге көндірді", – деді Эльдар Айтматов.

Ол Шыңғыс Айтматов Горбачевке Қазақстандағы жағдайды түсіндіріп, басқа адамды тағайындау ел ішінде толқу мен жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін айтқанын жеткізді.

"Сол кезде әкем бұл шешімнің қабылдануына барынша ықпал етті", – деді жазушының ұлы.

Эльдар Айтматовтың бұл әңгімесі Шыңғыс Айтматовтың тек әдебиет әлеміндегі ғана емес, кеңестік кезеңнің саяси процестеріндегі де ықпалды тұлға болғанын тағы бір мәрте еске салды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер