Әйел үйлену тойынан кейін күйеуінің бұрынғы жарына бүйрегін берді
Флорида штатындағы 56 жастағы америкалық әйел көптен күткен үйлену тойынан екі күн өткен соң жаңа күйеуінің бұрынғы әйеліне бүйрегін сыйға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап.
59 жастағы Майлен Мерте ұзақ уақыт бойы бүйрек ауруымен күрескен. 2020 жылдың күзінде ауруханаға түскен кезде бүйрегінің тек сегіз пайызы жұмыс істеген. Науқасқа донор қажет болды, бірақ інісінің бүйрегі трансплантацияға сәйкес келмеді. Осы кезде оның бұрынғы күйеуінің қалыңдығы Дебби Нил-Стрикланд донор болуға ұсыныс білдірді.
Нил-Стрикленд Мертенің жақында әже атанатынын білді. Әйел Мертенің өмірінің осындай маңызды сәтінде қызының жанында болмайтынын елестеткен кезде бірден бүйрегін сыйға тартуға шешім қабылдаған.
Дебби көптеген сынақтардан өтті, нәтижесінде трансплантация жоспарланған үйлену тойынан екі күн өткен соң болатыны белгілі. Қалыңдық тойды кейінге қалдырғысы келді, бірақ достары оны райынан қайтарды. Өйткені жұп соңғы 10 жыл бойы әртүрлі себептермен үйлену тойын бірнеше рет кейінге қалдырған.
Нәтижесінде операция 2020 жылдың қараша айында сәтті өтті. Ал қазір әйелдер бір-бірін апалы-сіңлі деп атайды.