Алматылық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Құмар ойынға бәс тіккен": Ақтөбелік мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап, ақша алған

"Құмар ойынға бәс тіккен": Ақтөбелік мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап, ақша алған
depositphotos.com

Ақтөбеде математика пәнінің мұғалімі оқушыларының ата-аналарын алдап, ақша алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушы жеке оқу орталығында жұмыс істеп, орта деңгейдегі оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептері мен "Білім Инновация" лицейлеріне түсуге дайындайтын болған.

Мұғалім төрт оқушының ата-анасына балаларын ақша арқылы Назарбаев зияткерлік мектебіне түсіріп бере алатынын айтып сендірген. Балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар оның айтқанына сеніп, талап еткен қаржыны берген.

Алайда біраз уақыттан кейін ата-аналар алданғандарын түсінеді. Сот барысында педагог өзіне тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған.

Сонымен қатар сотта мұғалімнің құмар ойынға тәуелді екені белгілі болды. Ол ата-аналардан алған ақшаны бәс тігуге жұмсаған.

Екі ата-ана мұғалім 3,3 миллион теңгені қайтарып, кешірім сұрағаннан кейін оны кешірген. Осы эпизодтар бойынша іс тоқтатылған.

Ал қалған екі ата-ана педагогқа жаза тағайындауды талап еткен. Кейін мұғалім олардың да 3,2 миллион теңгесін қайтарып берген.

Ақтөбе қаласының №2 соты 40 жастағы мұғалімді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер