Дональд Трамп Иран төңірегіндегі шиеленіс ұзаққа созылмайды деп есептейтінін айтты. Бұл туралы ол Fox Newsрадиосына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Сұхбат барысында жүргізуші АҚШ пен Израиль тарапынан Иранға жасалған соққылар қашан тоқтауы мүмкін екенін сұраған. Трамптың айтуынша, қазіргі қақтығыс ұзаққа жалғасуы екіталай.
Сондай-ақ одан соғысты тоқтатудың нақты уақытын қалай анықтайтыны жөнінде сұралғанда, ол шешім көбіне өзінің ішкі түйсігіне байланысты болатынын жеткізді.
«Бұл ұзаққа созылады деп ойламаймын. Соғыс менің ішкі түйсігім айтқан кезде аяқталады», – деді Дональд Трамп.