Алматылық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Астанада фельдшерді аяусыз соққыға жыққа адам ұсталды

“Астанада фельдшерді аяусыз соққыға жыққа адам ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Елордада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медицина қызметкерлері қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған.

Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Полиция ескертеді: маңызды әлеуметтік міндет атқарып жүрген жедел қызмет өкілдеріне қатысты агрессия, күш қолдану немесе қорқыту әрекеттерінің кез келгені қатаң түрде тоқтатылады. Қазақстанда медициналық қызметкерге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілді. 7 наурызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Аталған бап бойынша айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.