Әбіш Кекілбаевтың Назарбаевқа жасаған ескертуі
Ақын Светқали Нұржан Қасқа жол бағдарламасына берген сұхбатында Әбіш Кекілбаевтың Назарбаевқа жасаған ескертуін еске алды. Ол 2001 жылы Қазақстан жерін шетелге жалға беру мәселесі талқыланған кезде жасалған, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
«Айналамызда әр түрлі елдер бар, түрлі мүдделер бар. Бізге кім қалай қарайды, оны да ескермесек болмайды» деп сөйледі Назарбаев. Сонда Әбіш Кекілбаев «Нұреке, бізге кім қалай қарайды деп отыратын сұлу қатын емеспіз. Сіз бен біздің ертеңгі келетін ұрпақ бізге қалай қарайды деген жалғыз қайғы болуы керек!» деді. Бейнежазбалар толық жойылып кетпесе бұл сөздер кейін де шығады» деді Светқали Нұржан.
Ол тіпті Әбіш Кекілбаевтың Елбасының қолын сүйген кезін де есіне алды.
«Кекілбаев менің қолымнан да 10 шақты рет сүйген. Маған жағынып сүйген ештеңесі жоқ. Кез келген ене көкірек үлкен кісілердің әдеті бұл. Маңғыстауда әлі күнге шалдар ықыласы құлаған, үміт еткен адамдардың қолынан сүйеді. Сол оқиға орын алған жиында мен де болдым. Ешқандай ерсілік көрінген жоқ. Жиында Елбасының өзі де жүрекжарды сөз айтқан» деді ақын.