Қырғызстанда кәмелетке толмағандарды саудалауға байланысты резонанс тудырған қылмыстық іс аяқталып, айыпталушылар сотталды.
Ведомствоның дерегінше, күдіктілер жасөспірімдерді заңсыз түрде шетелге шығарып отырған. Тергеу барысында бұл әрекеттердің бір реттік емес, алдын ала ұйымдастырылған және жүйелі түрде жүзеге асқан қылмыстық схема екені анықталған.
Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылардың бірі қаржылай пайда табу мақсатында шетелдік азаматпен келісімге келген. Нәтижесінде олар үш кәмелетке толмаған баланы сатып алып, кейін оларға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. Атап айтқанда, әлеуметтік желілер арқылы әдепсіз сипаттағы материалдар дайындап, таратқан.
Сонымен қатар, заңды өкілінің қарауындағы тағы екі жасөспірімге қатысты осындай заңбұзушылықтар жасалғаны белгілі болды.
Іс бойынша Бішкектің Бірінші май аудандық соты айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Сот шешімімен Қазақстан азаматының мүлкі тәркіленіп, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы 11 жылға сотталды.