9 сағаттық миға жасалған отада науқас саксафонда ойнап жатқан (видео)
Италияда науқастың миына ерекше әрі күрделі операция жасалды. Отада науқасқа наркоз берілмеген. Керісінше ол саксафон аспабында ойнап жатқан, — деп хабарлайды ztb_video инстаграм парақшасында.
Бастағы неврологиялық функцияларға зиянын тигізбес үшін дәрігерлер 35 жастағы науқасқа тоғыз сағат бойы ота жасаған. Бұл уақытта ол есін біліп, саксофонда ойнап жатқан.
Хирургтар бұл жағдайға алдын ала дайындалды. Партитураларды зерттеп, мидың барлық жағдайға қалай әсер беретінін бақылауда ұстауға тырысты. Бұл ақпарат мидағы ісікті алып, нейрондық жүйеге зақым келтірмеуге мүмкіндік берген. Ол ер азаматтың музыкалық аспаптада ойнауын, сөйлеуін, қозғалуын, есте сақтауын қамтамасыз етеді.
«Мидың архитектуралық күрделілігі мен икемділігінің нәтижесінде, бір-бірімізге ұқсамаймыз. Әр ми өздігінен ерекше» — дейді жетекші дәрігер. Ол жылына 50-ге жуық осыған ұқсас операциялар жасайды.
Италияның өзінде бұл ота алғаш рет жасалды. Оған 10 шақты дәрігер қатысқан.
Ота сәтті өтті. Науқас үш күннен соң үйіне оралды.