Белгілі блогер желідегі парақшасына Баян Мақсатқызы мен Бақытбек Есентаевқа қатысты тың деректі жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
- Баян Мақсатқызы!
Сіз бұрын бойдақ кезіңізде, бір қыз зорлағыш қорқынышты жігіт, сізді алып кетпекші болғанын есіңізде ме?
Мен сізге жаным ашып,әлгі қыз зорлағыш жігіттен сізді құтқарып қалу үшін сіздің бұрынғы күйеуіңіз Бақытбекке жүгіріп барып, "әне жерде бір қызға, бір жігіт тиісіп тұр " деп шақырғам.
Бақытбек бұл кезде автаритет болған соң, қасыңызға келіп, мынау саған тиісіп тұр ма, деп сізге көмекке келіп, сізді құтқарып қалған еді.
Мен сол кезде айналасынан бақылап қарап тұрғам.
Мен болмағанда,сізді 100% алып кетіп, білгенін істер еді.
Бұл жерде манякты тоқтатуға Баха мен оның достарынан басқа ешкімнің тісі батпайтын, - дейді блогер.
Ол маняк жігіттің талдықорған жақтікі екенін де атап өткен.
- Мен ол кезде алғаш Алматыға келген едім әрі жалғыз жүрген едім.
Ол кезде Баханың қасында шығыстың мықты жігіттері болған.
Оларды сіз тануың керексіз, - деген Жәнібек.
Блогер Бақытбек пен Баян үйленгенде,тойларына жалғыз келгенін алға тартқан. Кешігіп кіріп келе жатқанда, Бақытбектің досы Ш оны тойдағыларға дауыстап "ананы қараңдар, мафияның бастығы келе жатыр" деп әзілдеген, тойдағыдардың бәрі Жәнібекке жалт қараған.
- Сіз сол кезде мені көргенсіз.
Мен тойда бірінші Бақытбек пен амандастым, сосын сізбен амандастым.
Бірақ сіз менімен амандаспай менсінбей қарағансыз.
Сол мінезіңізді көріп, көңіл-күйім түсіп кеткен еді.
Ол кезде қолымда гүл жоқ болмаған соң сізге ұнамсыз болдым ба деймін.
Негізі мен тойға кірерде жолдан гүл сатып алып, мейрамхананың әжетханасына кіріп алайын деп, қолымдағы гүлді Кеша деген жігітке ұстай тұршы деп ішіне кіріп қайта шықсам, гүлді ұстап тұрған әлгі жігіт орнында жоқ.
Сөйтсе гүлсіз кіруге ұялып тұрған бұл жігіт, менің гүлімді мені күтпей Баянның қолына ұстата қойған екен.
Енді не істеймін деп содан амалсыз, гүлсіз ұялып кіргенім бар.
Шынын айтайын, жаман ұялып, жерге қарап кірдім, - дейді блогер.
Ол әлгі Баянға тиіскен маняк жігіттің атын ұмытып қалғанын айтады, ол Баянға тиісіп тұрғанда, тілі байланып, сөйлей алмай, ескерткіш сияқты бір орында қатып қалғанын есіне алады.
- Қатты қорыққаннан, есіңізден танып құлауға шақ тұрғансыз.
Сізді сол кезде көргенде, сізді маняк жігіттен қатты қызғандым, басқа жаққа алып кетіп зорлап қоя ма деп.
Ол кезде сіз қазіргіден де өте сұлу, әрі өте қорқақ болғансыз.
Естігем, сізге тиісіп тұрған әлгі жігіт көшеден өте сұлу қыздардарды тік көтеріп ,ешкім білмейтін квартираға апарып зорлайды деп.
Мен Баханы шақырмағанда, ол сіздің психаңызды бұзып тастар ма еді, кім білсін?
Мүмкін сіз милицияға айтып қоя ма деп, зорлап болған соң өлтіріп, артынан көміп тастауы да мүмкін еді.
1990-шы жылдары заман сондай болған еді
Негізі күштеп ұрып зорланған қыздың психикасы бұзылса, ондай қыз ешқашан көтеріле алмайды және таланты да ашылмай, миллионер де бола алмайды.
Оны айтпаса да түсінікті.
Сіздің көтерілуіңізге менің де үлесім бар ма деймін, - дейді Иманмәзір.