26 ақпанға қараған түні Қытайдың Ухань қаласындағы перзентханада 24 жастағы Дилхумар Мәметжан бесем дүниеге әкелді, деп хабарлайды kznews.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, табиғи жолмен бесем туу – 60 миллион адамның бірінде ғана кездесетін сирек жағдай. Кесарь отасын Ли Цзяфу жүргізген. Мамандар жүктіліктің бастапқы кезеңінде қауіпсіздік мақсатында эмбрион санын азайтуды ұсынғанымен, ата-ана бұл ұсыныстан бас тартқан.
Сәбилердің салмағы 870-тен 1030 грамға дейін. Қазір олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.
Дилхумар – Шыңжаң ұйғыр автономиялық регионы тұрғыны. Жергілікті медициналық мүмкіндіктерді жеткіліксіз санаған ол Уханьға арнайы барған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бес сәбиді аман алып қалған.
Ерлі-зайыптылар нәрестелеріне Юнус, Миһрия, Миһрима, Зәмирә және Зәфифе деп ат қойған.