«7-8 тамызда вирус шашады»: WhatsApp-та тағы бір шулы хабарлама тарады

0
12169

Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратып жатыр. Бұл фейк, – деп хабарлайды Stopfake.kz басылымы.

Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен. «10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді», – делінген мәтінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды. Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.