Тоқаев БҰҰ аясында жаңа ұйым құруды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жаңа «Әділет» партиясы құрылатыны жарияланды

Қазақстанда жаңа «Әділет» партиясы құрылатыны жарияланды
instagram.com/adilet_partiyasy

Алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында елде «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатыны мәлім болды, деп хабарлайды kznews.kz.  Бастамашыл топ өкілдерінің хабарлауынша, 16 сәуір күні партияны ресми тіркеу үшін Әділет министрлігіне өтініш берілмек.

Партияның бастамашыл тобына барлығы 16 адам енген. Олардың қатарында бизнес, білім беру, қоғамдық сектор өкілдерімен қатар, құқық қорғау ұйымдарының мүшелері де бар. Жаңа саяси ұйым конституциялық реформаларды қолдайтынын, заң үстемдігін нығайтуды және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын жақтайтынын мәлімдеді.

Партия құрамында белгілі қоғам қайраткерлері Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Закиева, Марат Шибутов сынды танымал тұлғалар бар. 

Ұйым өкілдері партияның басты мақсаты – жастарды, түрлі сала мамандарын, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарын біріктіру екенін атап өтті. Негізгі ұстанымдары ретінде әділдік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогресс қағидаттарын алға тартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Құрылтай сайлауы биыл тамыз айына жоспарланған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.