Тоқаев БҰҰ аясында жаңа ұйым құруды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады
instagram.com/mangystau_audany

Ресей мен Әзербайжан 2024 жылдың желтоқсан айында Ақтау маңында құлаған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты мәселені реттегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Екі елдің сыртқы істер министрліктері таратқан бірлескен мәлімдемеде Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасының президенттері арасында 2025 жылғы 9 қазанда Душанбе қаласында қол жеткізілген келісімдер негізінде тараптар апат салдарын реттеу бойынша ортақ шешімге келгені айтылған. Бұл келісімге зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі де кіреді.

Құжатта апаттың негізгі себебі ретінде әуе қорғаныс жүйесі тарапынан жасалған «абайсыз әрекеттер» көрсетілген. Яғни ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде кездейсоқ зақымданғаны айтылған.

Мәлімдемеде қабылданған шаралар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ниетін білдіретіні атап өтілді. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасты дамытуға дайын екендерін жеткізді.

Ресей мен Әзербайжан өкілдері апат салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтып, қайғыға ортақтасатынын білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер