Тоқаев БҰҰ аясында жаңа ұйым құруды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев БҰҰ аясында жаңа ұйым құруды ұсынды

Тоқаев БҰҰ аясында жаңа ұйым құруды ұсынды
Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында су ресурстарының жаһандық және өңірлік маңызы, сондай-ақ оны тиімді басқару мәселелері жан-жақты қарастырылды. Президент су Қазақстан үшін стратегиялық ресурс екенін, оның орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздікке тікелей әсер ететінін атап өтті.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтеріп, бұл қадам халықаралық деңгейдегі үйлестіруді күшейтуге және су проблемаларын шешуге тың серпін беретінін айтты.

Жақын арада Астанада өтетін өңірлік экологиялық саммитте бұл бастама бойынша нақты ұсыныстар талқыланбақ. Сонымен қатар, желтоқсанда Абу-Дабиде өтетін БҰҰ конференциясы су саласындағы өзара келісілген шешімдерді қалыптастыруға бағытталады.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.