Home Жаңалықтар 20 жыл бұрынғы жарылыстың құрбаны болған қазақстандық 

20 жыл бұрынғы жарылыстың құрбаны болған қазақстандық

0
309

Осыдан дәл 20 жыл бұрын Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығына жасалған лаңкестік шабуыл әлем тарихында ең сұмдық террактінің бірі болар.  3000ға жуық жазықсыз жанның өліміне себеп болған оқиға құрбандарының бірі Жанетта Цой (суретте қызы Александрамен) еді. Алғашында ҚР Сыртқы істер министрі егіз мұнарадағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді. Ал сараптама ғимараттағы шашылып қалған сүйектердің бірі Жанеттаға тиесілі екенін 7 айдан соң анықтады.

2001 жылдың 11 қыркүйегі Жанетта Цой  егіздер мұнарасында орналасқан көп кеңсенің біріндегі алғашқы жұмысы күні. 32 жастағы алматылық Жанетта Цойдың мұнда Marsh & McLennan компаниясының Қазақстандағы кеңсесінен ауысып келген болатын. Аталған компания оған Нью-Йорктегі кеңседе жұмыс істеуге ұсыныс білдірген.  Жанеттаның жолдасы Вячеслав Лигайдың айтуынша Жанетта жұмысқа 17 қыркүйек шығуы тиіс болған. Алайда компания басшылығы одан жұмысқа ертерек шығу туралы өтінішпен шыққан. Оқиғадан кейін ата-анасы, жары Жанеттаны  қайтыс болғандар мен тірі қалғандардың тізімінінен таппады.  Тек арада жеті ай өткеннен кейін ғана медициналық сараптама ғимараттан табылған сүйектердің Жанеттаға тиесілі екенін растап берді. 

Жанеттаның күйеуі  Вячеслав пен қызы Александра да қазір де Нью-Йоркта тұрып жатыр. Олар жыл сайын  11 қыркүйегінде Жаннетаны еске алып, оның қабіріне барып тұрады. Жанеттаның есімі егіз мұнара орнындағы  «11 қыркүйек» мемориалына ойылып жазылған.