Журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы алаңдатарлық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әділет министрлігі NCOC компаниясының мүлкі мен көлігіне тыйым салды

Әділет министрлігі NCOC компаниясының мүлкі мен көлігіне тыйым салды
Фото: ашық дереккөздерден

Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясының мүлкі мен көлігіне тыйым салынды. Бұл туралы еліміздің Әділет министрлігі хабарлады.

Бұған дейін сот шешімімен Қашаған жобасының операторы North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) 2,36 трлн теңге көлеміндегі атқарушылық өндіріс бойынша борышкер деп танылған болатын. Осыған орай, Қазақстанның Әділет министрлігі сот шешімінің заңды күшіне енгенін және компаниядан 2,36 трлн теңге айыппұлды толық өндіріп алуды талап ететінін мәлімдеді.

Ал NCOC мен оның мердігер компаниялары айыппұлды негізсіз деп санап, сот шешіміне қолда бар барлық құқықтық тетіктер арқылы қарсылық білдіруде.

Негізі сот шешімі биылғы 20 - шілдеге дейін ерікті түрде орындалуға тиіс болған. Белгіленген мерзім өткеннен кейін мәжбүрлеп орындату шаралары басталып, өндірілетін сомаға қосымша 10 пайыз атқарушылық санкция есептелуі мүмкін.

Сот шешімінің орындалмауына байланысты Әділет министрлігі тарапынан NCOC компаниясының мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынып, нотариаттық әрекеттер жасауға да шектеу қойылды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.