300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы алаңдатарлық па?

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы алаңдатарлық па?
Фото: qazaqtimes.com

Әлеуметтік желіде журналист Думан Мұхамедкәрімнің түрмедегі жағдайына қатысты алаңдатарлық ақпарат тарап жатыр.

Белсенді Абзал Достиярдың жазуынша, журналист Думан Мұхамедкәрім Қызылордадағы №60 мекеменің карцерінде ұзақ уақыттан бері отырғанын айтып, өзін Алматыға жақын орналасқан түзеу мекемесіне ауыстыруды талап еткен.

Жазбада Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге барғаны және медициналық көмек көрсетілгені айтылады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде журналистің өз қолымен жазылған хаты жарияланған. Ол хатында егер отадан аман қалса, бұдан да ауыр әрекетке баруы мүмкін екенін айтып, өзін заңға сәйкес Алматыдағы түрмеге ауыстыруды талап еткен.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың мән-жайы әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.