«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтай депутаттарын қанша мерзімге сайлау ұсынылып отыр: Конституцияға өзгерістер енгізіледі

Құрылтай депутаттарын қанша мерзімге сайлау ұсынылып отыр: Конституцияға өзгерістер енгізіледі
Фото: senate.parlam.kz

Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына сәйкес, Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Бұл туралы Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров мәлімеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бірпалаталы парламентке көшу Конституцияның Құрылтайды қалыптастыру, сайлау, өкілеттігі мен құрамы, сондай-ақ заң қабылдау тәртібіне қатысты баптарына өзгерістер енгізуді талап етеді. Құрылтайдың өкілеттігі алғашқы сессия ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған құрамның бірінші сессиясы басталған кезде аяқталады.

Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Олар пропорционалды өкілдік негізінде біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайланады.

«Депутаттар жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Кезекті сайлау қолданыстағы шақырылымның өкілеттік мерзімі аяқталуына екі ай қалғанда өткізіледі, ал өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда екі ай ішінде ұйымдастырылады.
Депутаттыққа үміткер болу үшін Қазақстан азаматы соңғы 10 жыл бойы елде тұрақты тұруы және 25 жасқа толуы қажет», - деді Бекназаров.

Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, әрекетке қабілетсіз деп танылған, не сот үкімімен бас бостандығынан айырылған тұлғалар депутат болып сайлана алмайды. Бұл нормалар сыбайлас жемқорлық және өзге де заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарға қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған.

Сондай-ақ депутаттық мандат келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • шетелде тұрақты тұру;
  • айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
  • азаматтықтан айырылу;
  • депутатты сайлаған партия қатарынан шығу.
Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі