Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды
Фото: ашық деркккөзден

Ұлттық тестілеу орталығы жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге арналған күнтізбені жариялады. Онда жоғары оқу орнына құжат тапсыру мен емтихан тапсыруға қатысты барлық маңызды мерзім көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау күнтізбесіне сәйкес, қазір Қазақстанда негізгі ҰБТ өтіп жатыр. Ол 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау20 маусымда басталып, 25 тамызда аяқталады.

“Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін арнайы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өтеді. Грант конкурсына қатысу үшін бұл емтихандарды 20 шілдеге дейін тапсыру қажет.

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдау 20 маусымда басталып, 10 тамызда аяқталады. Ал грант конкурсына қатысатындар өтінішті 7 шілдеге дейін тапсыруы керек.

Шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Грант конкурсына қатысу үшін емтихан 20 шілдеге дейін тапсырылуға тиіс.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы алдағы оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінгені хабарланған еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.