"Қазгидоромет" РМК 30 мамыр - 1 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Стноптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°С-қа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+38°С-қа дейін, ал оңтүстікте +30…+40°С-қа дейін жоғарылайды.