Павлодар облысында әже мен немересі екі жыл бойы 2 мәйітті жасырып өмір сүрген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаржы екі жарым есе өсті, ал халық саны өскен жоқ: Олжас Әбішев МӘМС жүйесіндегі күмәнді өсім туралы айтты

Қаржы екі жарым есе өсті, ал халық саны өскен жоқ: Олжас Әбішев МӘМС жүйесіндегі күмәнді өсім туралы айтты
Ашық дереккөзден

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, цифрландыру саласының сарапшысы Олжас Әбішев денсаулық сақтау саласындағы қаржы өсімі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәселелерге қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, соңғы жылдары салаға бөлінетін қаржы көлемі екі жарым есе артқан. Алайда бұл өсім нақты көрсеткіштермен сәйкес келмейді.

«Қаржы көлемі екі жарым есе көбейді. Бірақ Қазақстандағы азаматтардың саны екі жарым есе артқан жоқ. Аурулардың саны екі есе көбейген жоқ. Дәрі-дәрмек тізімі екі есе ұлғайған жоқ. Медициналық қызметтердің тізімі де екі есе өскен жоқ. Сонда сұрақ туындайды: егер халық саны мен қызмет көлемі айтарлықтай өзгермесе, неге бір адамға көрсетілетін медициналық қызметтің бағасы екі жарым есе өсіп отыр?» – деді ол.

Әбішевтің пікірінше, қаржыны қайта-қайта ұлғайта беру мәселені шешпейді.

«Төрт триллион беріңіз, бес триллион беріңіз, егер ол қаржы ары қарай ұрлана берсе, ешқашан жетпейді. Ақша көп бөлінген сайын тиімділік артады деген түсінік қате. Егер бақылау мен жауапкершілік болмаса, кез келген бюджет жеткіліксіз болады», – деді сарапшы.

Соңғы уақытта қоғамда МӘМС жүйесін тоқтату керек деген пікірлер де айтылып жүр. Алайда Әбішев мұндай қадамға бару екіталай екенін айтты.

«Егер МӘМС тоқтатылса, қор арқылы қаржы игеріп отырған топтар мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан жүйені толық жабу оңай шешім емес. Бірақ бұл қазіргі жағдайды сол күйі қалдыру керек деген сөз емес. Керісінше, жүйені толық цифрландыру, ақпараттық жүйелерді біріктіру және нақты кінәлі адамдарды жауапқа тарту қажет», – деді ол.

Сарапшының сөзінше, денсаулық сақтау саласы – шағын орта. Көптеген қызметкерлер ішкі процестерді, кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын біледі.

«Барлығы бір-бірін таниды. Кімнің қай жерде не істеп жатқанын шамамен бәрі біледі. Бірақ шын мәнінде бір-екі нақты кінәлі адам жазаланбайынша, ешкім қорықпайды. Жазасыздық шектен тыс еркіндік тудырады. Егер жауапкершілік болмаса, жүйе өздігінен түзелмейді», – деді Әбішев.

Ол скринингтік тексерулерге қатысты резонанстық мысалды да келтірді. Сарапшының айтуынша, кей жағдайда жүйені жақсы білетін адамдар процестерді әдейі айналып өтуі мүмкін.

«Егер 700 мың әйелге гинекологиялық скрининг жасалса, eGov жүйесіндегі электронды медициналық төлқұжат арқылы оларға хабарлама барады. Әйел адам “мен мұндай тексеруден өткен жоқпын” деп бірден шағымдана алады. Ал ер адамдардың медициналық төлқұжатында гинекологиялық блок жоқ. Хабарлама да бармайды. Демек, жүйені толық білетін адам ғана осындай схеманы ойлап таба алады. Сырттан келген адам бір миллиард долларлық махинацияны өз бетінше жасай алмайды», – деді ол.

Әбішевтің пікірінше, жалғыз тиімді жол – толық цифрландыру және деректерді біріктіру.

«Отыз ақпараттық жүйені біріктіру керек. Барлық операция ашық көрінуі тиіс. Әр теңгенің қозғалысы нақты бақылауда болуы керек. Ең бастысы, табылған заң бұзушылықтар бойынша нақты адамдар жауап беруі қажет. Сонда ғана басқалар қол сұғудан қорқады», – деп түйіндеді сарапшы.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.