Дислексия дерті мен дауасы: неге"нашар оқитын" балалар саны көбейіп барады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асқар Сабдин: Радикалдар да, тәңіршілдер де жастарды тамырынан ажыратып жатыр

Асқар Сабдин: Радикалдар да, тәңіршілдер де жастарды тамырынан ажыратып жатыр
Ашық дереккөзден

Исламтанушы-теолог Асқар Сабдин діни радикализм мен тәңіршілдікке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

– Жалпы радикалдармен діни алауыздықты қоздырып, тәңірші атанып жүрген адамдардың арасында шамалы ұқсастық бар. Тамырдан ажырату мәселесінде ұқсастық байқалады. Тәңіршілдерді теріс радикалдар деп айтуға келе ме? Иә, келеді. Екеуі бір-біріне жау болғанымен, екеуі де біздің жастарымызды тамырларынан ажыратып жатыр, – деді ол.

Теолог тарихи сабақтастық мәселесіне тоқталды.

– Мысалға, менің атамның аты Мұхаммеджан. Егер мен ислам дінін мансұқтайтын болсам, атаммен не істеймін? Әрбір қазақтың әулетінде осындай есімдер бар. Үйімізде ата-бабадан қалған жайнамаздар, кітаптар бар. Музейлерге барыңыз, кітап қорларына барыңыз, кейбір мешіттерде сақталған мұраларға қараңыз. Біздің ата-бабаларымыз X ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін араб қарпімен жазған. Өздерін Раббым – Алла, дінім – ислам, кітабым – Құран, пайғамбарым – Мұхаммед деп үйреткен, – деді Асқар Сабдин.

Оның айтуынша, исламды толық жоққа шығару қазақ рухани мұрасынан бас тартумен тең.

– Егер ислам діні қазаққа жат десек, онда Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасын», Шәкәрім қажының «Иман шартын», Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметін», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» алып тастау керек болады. Сол кезде жастарымыз тамырынан ажырайды. Ал тамырынан ажыраған адам қайда барады? – деді теолог.

Сарапшы жастардың тарихи-рухани сабақтастығын сақтау маңызды екенін атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.