Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ғалымға еркіндік берілмесе, ғылым дамымайды

Ғалымға еркіндік берілмесе, ғылым дамымайды
Фото: Автордың ФБ парақшасынан

Ресми деңгейде ғылымға бөлінетін қаржы бірнеше есе өскені айтылып жатыр, бірақ, университет оқытушыларының жалақысына қарасаң, ол өсім айқын байқалмайды.

Тіпті, көп жағдайда қарапайым мектеп мұғалімдерінің айлығы университет оқытушыларының айлығынан жоғары деуге болады. "Неге тең емес?" деген сұрақ ойға келеді. Сенбесеңіз, 15 жыл еңбек өтілі бар магистр дәрежесіндегі мектеп мұғалімі мен университет оқытушысының жалақысын салыстырып көріңіз. Мектепке кадрды университет дайындайды, бірақ, сол кадрды даярлаған адамның жағдайы одан төмен. Оның үстіне университет оқытушыларының апталық, жылдық жүктемесі де аз емес, кейде мектептен де жоғары. Тағы да 15 жыл еңбек өтілі бар магистр дәрежесіндегі мектеп мұғалімі мен университет оқытушысының жүктемесін салыстырып көріңіз. Сосын жылдық жүктемені азайту туралы сөз қозғалса, бірден “университет бойынша оқытушылардың ғылыми дәрежелік деңгейі төмендеп кетеді” деген уәж айтылады. Ал ғылыми дәрежесі бар сапалы мамандарды шақыру мәселесіне келгенде, қазіргі ұсынылып отырған айлықпен білікті кадр келмейтіні түсінікті. Бұған қоса оқытушыда эдвайзерлік, кураторлық сияқты қосымша міндеттер бар, олар да өз алдына бөлек қағазбастылық. Кафедра меңгерушілерінің жұмысы тіпті қорқынышты, толықтай қағазбастылықтан, есеп пен ұйымдастырудан тұратын ауыр әкімшілік жүк. Соған қарамастан, универсиетте халықаралық журналдарға мақала жаз, жобаға, конкурсқа қатыс, университеттің рейтингін көтер, яғни “ғылым жаса” деген талап бар. Ол талапты орындаудың қаншалықты қиын екенін шамалай беріңіз.

Сосын тағы бәр мәселе, баяғыдан айтылып келе жатқан қағазбастылық, бітпейтін есеп, жоғарыдан келетін тексерістер мен тапсырмалар ғылыми жұмыстың уақытын ғана емес, жалпы, сабақ сапасына да әсер етіп жатады. Қазақстанда ЖОО-лардың нақты автономиясы өте шектеулі, өйткені университетке барлық мекеменің әлі келеді. Мұндай жағдай, жүйе табиғи түрде ғылыми нәтижеге емес, есеп беруге икемді кадрларды алға шығаратыны сөзсіз. Ал ғылыммен айналысатын немесе ғылыми потенциалы бар оқытушылар екінші орынға ығыстырылады. "Қағазжегіштер" алға шығады. Айтпақшы, мектепте мұғалім бола алмайтын адам университетте мұғалім бола алады, дәлірек айтқанда мектепке жұмысқа тұру үшін нақты пән бойынша бакалавр дипломы талап етіледі, жалғыз магистрлік диплом жарамайды, ал университетте бакалавры басқа болса да, сол сала бойынша магистрлік дипломы бар адам оқытушы бола алады. Өйткені, заң сондай. Соған қарамастан мемлекет зерттеуші университеттер қалыптастыру, университеттерді дамыту, ғылымның сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сай жүйе қалыптастыру мақсатын қойып қояды. Бірақ, мемлекеттің өзі үлгі ретінде қарайтын сол Батыс елдері тәжірибесінде оқытушының негізгі уақыты зерттеуге бағытталатынын, әкімшілік жүктеме барынша азайтылғанын ескермейді. Бұны "шамаңа қарамай" өзіңе жоғары планка қою деп атайды. Біздегі жағдайда оқытушының ғылыммен айналысуы былай тұрсын, кейде жәй кітап оқуға уақыт табуының өзі қиын.

Менің ойымша, бұл мәселелердің түп-төркіні қаржыдан да бұрын, тексеруге, есепке, бақылауға негізделген бюрократиялық жүйеде жатыр. Университет ғылым жасайтын орыннан гөрі жоғарыға есеп тапсыратын мекемеге көбірек ұқсап кеткен жағдайда нәтиже де соған сәйкес болады. Сондықтан негізгі шығу жолы да түсінікті, университеттерге шынайы академиялық автономия беру, артық тексеріс пен қағазбастылықты қысқарту, оқытушының уақытын есепке емес, зерттеуге бағыттайтын жүйе қалыптастыру. Жалпы ғылым сенім мен еркіндік болған жерде ғана дамитыны белгілі. Ғалымға еркіндік берілмесе, қадір-қасиеті қорғалмаса, құрметтелмесе елде ғылым дамымайды. 

Талғат ЖОЛДАСҰЛЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.