Киіз үй-асыл мұра - Сценарилер - Bilim
08.11.2018
18:53
0
4

Киіз үй-асыл мұра
Тақырыбы: Киіз үй-асыл мұра Мақсаты: Киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу. 2.Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Формасы: әңгімелесу, пікірлесу. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс Көрнекіліктер: слайд, сандықша, киіз үй. Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: тәрбие сағатының мақсатын хабарлау. ІІ. Кіріспе Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз. ІІІ. Негізгі кезең Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы. Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады. Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген.Киіз үй бүгінгі дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді. Киіз үй[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2] Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Тарихы Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынрақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шаменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған. Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таңқалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. Жазушы Ш. Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі бір мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай - ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар. Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған. Слайд Оқушыларғы сұрақ.-
- Киіз үй түрлерін атаңдар. Балнұр


(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ