KZNews.kz
Мәдениет

Келіссөздер жүргізілуде: Қазақстанға Шакира келуі мүмкін

Айжан Сыланова
Фото: Legion-Media.ru

Бұл туралы "Астана Концерттің" продюсері Мәлік Хасенов жария етті. 

"Кішігірім құпияны ашайын, қазір біз онымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұйырса, күзде нақты белгілі болады. Жаңалықты күтіңіздер", – деді ол, әншінің Астанаға келу ықтималдығын меңзеп.

Хасеновтің айтуынша, келіссөздер белсенді жүріп жатыр, ал соңғы шешім биыл күзде қабылданады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →