Орындалмайтын миссия: Трамптың арнайы өкілдерінің Киев пен Мәскеуке сапары нәтиже бермеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шакира Қазақстаннан бұрын Қырғызстанда концерт беруі мүмкін

Шакира Қазақстаннан бұрын Қырғызстанда концерт беруі мүмкін
фото: ашық дереккөз

Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакираның Бішкекте концерт беруі бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Әншінің қараша айында 51 мың көрерменге арналған "Бішкек Аренада" өнер көрсетуі жоспарланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент іс басқармасының мәліметінше, тараптар қазір концерт өткізу шарттарын келісіп жатыр. Әншінің нақты қай күні өнер көрсететіні және концертке қатысты өзге де мәліметтер әзірге белгісіз.

"Бішкек Арена" 51 мың көрерменге арналған, FIFA стандарттарына сай салынған жаңа стадион.

Аренадағы алғашқы ірі шара 31 тамызда өтті. Мұнда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Шакира Исабель Мебарак Риполь колумбиялық әнші, ән авторы әрі продюсер. Ол 1977 жылы 2 ақпанда Барранкилья қаласында дүниеге келген.

Әлемдік танымалдылыққа 2000-жылдардың басында ие болды. Оның ең танымал әндерінің қатарында Whenever, Wherever, Hips Don't Lie, Waka Waka (This Time for Africa) және La Tortura бар.

Айта кетейік, Шакира әлемдегі ең танымал латынамерикалық орындаушылардың бірі, бірнеше Grammy және Latin Grammy сыйлығының иегері. Музыкалық мансабынан бөлек, қайырымдылықпен айналысып, Колумбиядағы балаларға арналған білім беру жобаларын қолдайды.

Еске салайық, Алматы бұған дейін де әлемдік жұлдыздардың концерттерін қабылдаған. 2025 жылы америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналды. Оның 7 мыңға жуығы 35 елден келген шетелдік қонақтар болды. Концерттен қала экономикасына 10 миллиард теңгеден астам қаржы түскен. Ал биыл тамызда Алматыда Канье Уэсттің концерті өтті. Шоуға 31 мың көрермен қатысып, олардың 7 700-ге жуығы шетелден келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шетелдік туристердің қалаға әкелген экономикалық әсері шамамен 5 миллиард теңгені құрады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.