KZNews.kz
Мәдениет

Димаш Құдайберген тағы бір елдің халық әртісі атанды

Айжан Сыланова

Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды, деп жазды әншінің ресми сайты. 

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →