Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын иеленді

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын иеленді

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген су жаңа марапатқа ие болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақсы жаңалықты әншінің ата-анасы жеке парақшасында жариялады. 

“Қырғызстанның Чолпон Ата қаласында өткен халықаралақ эстрадалық әншілер фестивалінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Димаш Құдайбергенге екі ел арасындағы достық құрметі үшін Қырғызстанның Халық артисі атағы берілді.
Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!”, – деп жазды Қанат Айтбаев. 

Айта кетейік, Димаш IV Халықаралық "Мейкин Азия" музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барған еді. 

Биылғы сапардың ерекшелігі, Димаш өзінің өнер көрсетуі үшін гонорардан толықтай бас тартқан.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші бұл фестивальде ақысыз өнер көрсетеді.

"Димаш бұл фестивальге жүрек қалауымен келіп отыр. Ол өз өнері үшін ешқандай гонорар сұраған жоқ", — деп мәлімдеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.