«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді сынға алды

Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді сынға алды
Фото: Euronews

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты ойын ашық білдіріп, әйелге қол көтеруді күш пен ерліктің белгісі санайтын азаматтарды қатаң сынға алды. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің жариялаған жазбасы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қоғамда қордаланған мәселеге назар аударды. Димаш әйелге күш көрсетуді ақтауға немесе оны «еркектік» әрекет ретінде көрсетуге болмайтынын аңғартқан өткір пікір білдірді.

Оның пайымынша, әлсіз адамға күш көрсету арқылы өзін мықты етіп көрсету – нағыз азаматтықтың белгісі емес. Керісінше, мұндай әрекет адамның адамгершілік қасиетіне күмән келтіреді. Әнші осы арқылы ер азаматтың күшін әйелге қарсы қолданудан емес, отбасын қорғап, жақындарына құрметпен қараудан іздеу керек екенін меңзеді.

Димаштың жазбасына қоса жарияланған сурет те тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Осылайша әнші қоғам назарын отбасындағы агрессия мәселесіне тағы бір мәрте аударды.

Өнер иесінің пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген қолданушы оның ұстанымын қолдады. Желіде танымал азаматтардың мұндай мәселелерге бейжай қарамай, зорлыққа қарсы нақты позициясын білдіруі маңызды екенін жазған пікірлер көбейді. Кейбір қолданушылар зорлық көрген әйелдерді қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, агрессордан дер кезінде көмек іздеуге шақырды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Қазақстанда да қоғамның назарынан түскен емес. Отбасындағы жанжалдың соңы ауыр жағдайларға ұласатын оқиғалар жиі талқыланып, зорлықтың алдын алу мен оған жауапкершілікті күшейту мәселесі көтеріліп келеді. Мәселен, 17 тамызда Ақтау қаласының тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған.

Димаш Құдайберген бұған дейін де әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты пікірін білдіріп келген. Бұл жолы әнші мәселені жұмсартып жеткізбей, әйелге күш көрсетудің кез келген түріне қарсылық білдіретінін анық көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.