KZNEWS.KZ
Мәдениет

«DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА»: Димаш Құдайберген арнап кітап шығарылды

• Айжан Сыланова

2026 жылғы 22 сәуірде Астанадағы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған «DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА» атты кітап-альбомның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс-шара IX ASTANA Eurasian Book Fair халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды. Әртіс командасы атынан баспасөз хатшысы, DimashNews бас редакторы Анель Нысанбаева қатысып, жанкүйерлер – Dears арнайы қонақ болды.

Кештің шығармашылық бөлімінде жас өнерпаздар Димаштың репертуарындағы әндерді орындады. Олардың қатарында «Тау ішінде» және «Ұмытылмас күн» шығармалары шырқалды.

«Алматыкітап баспасы» мен «DimashAli» продюсерлік орталығы бірлесіп шығарған кітап-альбомда әлемдік деңгейдегі әншінің шығармашылық жолы кеңінен қамтылған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →