Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың үйіне барып, көңіл айтты

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың үйіне барып, көңіл айтты

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген белгілі ақын, қоғам қайраткері және Қазақстанның Халық Жазушысы Мұхтар Шахановтың отбасына арнайы барып, ұлының қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жөнінде ақпаратты қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Димаш Шахановтың шаңырағына барып, отбасының қайғысына ортақтасып, марқұмның рухына құран бағыштаған. Ағыбаев өнер иесінің бұл қадамын азаматтық парызын терең түсінетін, үлкенге құрмет көрсете білетін нағыз адамгершіліктің белгісі ретінде бағалады.

«Бүгін Халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік», — деп жазды белсенді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.