“Екінші Шымкент, мамбеттер”: депутаттыққа кандидаттың аудиожазбасы халықтың ашуына тиді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазатомөнеркәсіпте" тағы бір жоғары лауазымды басшы қызметінен кетті

"Қазатомөнеркәсіпте" тағы бір жоғары лауазымды басшы қызметінен кетті
Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов қызметінен кетті. Оның өкілеттігі 2026 жылғы 26 қарашадан бастап өз өтініші негізінде тоқтатылды.

Компанияның мәліметінше, Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берген. Осыған байланысты "Қазатомөнеркәсіптің" Директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Дархан Сағындықов ұлттық компанияда сатып алу және жалпы мәселелер бағытына жауапты болған. Компания оның қызметінен кетуі өндірістік және басқа да жұмыс процестеріне әсер етпейтінін мәлімдеді.

"Қазатомөнеркәсіп" жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Ал бұрын Дархан Сағындықов атқарған міндеттер мен өкілеттіктер басшылық құрам арасында қайта бөлінеді.

Еске салайық, 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдарды ұстаған. ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер