Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген АҚШ-та концерт өткізу үшін Нью-Йоркке барды

Димаш Құдайберген АҚШ-та концерт өткізу үшін Нью-Йоркке барды

Нью-Йорк әуежайында Димаш Құдайбергенді жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды

Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайында Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Тыңдармандары арнайы дайындалған сәнді образдарымен, ұлттық жалаушаларымен, төсбелгілерімен және баннерлерімен сүйікті әншісін қарсы алуға жиналды.

Жанкүйерлердің әсері

Dears қауымдастығы Димаштың әндерін қосып, биыл жазда хит болған «Tau Ishinde» әнін бірге шырқады.

Әншіні көрген сәтте жанкүйерлер оны ду қол шапалақпен қарсы алып, гүлдер мен сыйлықтар тарту етті.

Димаштың ықыласы

Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен емен-жарқын сөйлесіп, автограф берді, бірге суретке түсіп, олармен бірге әйгілі «Besame Mucho» әнін орындады.

Көптен күткен концерт

5 қазанда Нью-Йорктің әйгілі Madison Square Garden сахнасында Димаштың «Stranger» атты жеке концерті өтеді. Бұл шоу әншінің әлемдік тыңдармандарына ерекше музыкалық кеш сыйламақ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.