“Екінші Шымкент, мамбеттер”: депутаттыққа кандидаттың аудиожазбасы халықтың ашуына тиді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Төрге жастар отырмайды”: Қоғам белсендісі тойды қалай өткізу керегін айтты

“Төрге жастар отырмайды”: Қоғам белсендісі тойды қалай өткізу керегін айтты
Фото: коллаж: deposiphoto, weproject

Қоғам белсендісі Мұрат Қазамбаев келінді қарсы алу кезінде үлкендерді орындарынан тұрғызып, қол соқтыру және жастар мен егде қонақтардың ойын-сауық бағдарламасын бірге өткізу дәстүрге қайшы екенін айтты

Қазақстанда үйлену тойларын өткізу мәдениетін өзгертіп, ұлттық дәстүрге сай тәртіп қалыптастыру ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы «Информбюро» бағдарламасында айтылды. Қазамбаевтың пікірінше, қазіргі тойларда салт-дәстүрдің мәні ескерілмей, даңғазалық пен орынсыз ойын-сауыққа басымдық беріліп жүр. Ол жас жұбайларға арнайы орын әзірлеп, төрге құдалар мен үлкендерді отырғызуды ұсынды.

Белсенді сондай-ақ той бағдарламасын қайта қарау қажеттігін айтып, алдымен үлкендерге арналған дастарқан ұйымдастырып, жастардың көңіл көтеру кешін бөлек өткізген жөн деп есептейді. Оның пікірінше, қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын әзілдер мен ойындардан да бас тарту керек.

Ұлытау өңірінің ақсақалдары да той өткізудің ортақ тәртібін қалыптастыру бастамасын көтеріп отыр. Олар ұлттық әдеп пен үлкенге құрмет сақталуы керектігін алға тартады.

Бастамашылар тойдың басты мақсаты сән-салтанат пен қымбат ойын-сауық емес, екі әулетті жақындастырып, ағайынның басын қосу екенін атап өтеді. Алайда ұсыныстарға қатысты әзірге ортақ шешім қабылданған жоқ.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.