Cалтанатты көш эссе
15.02.2020
13:30
0
5

КӨШ – көшпелі ортада адамдар тобының немесе этникалық ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі. Көшпелі тіршілікті ұйымдастырудың ең басты элементерінің, әрі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мы- салы, дәстүрлі қазақы ортадағы шаруашылықтың ең басты табиғи объектісі болып табылатын мал жайылымдарын жыл он екі айдың мезгілдік ерекшелігіне сәйкес тиімді ұйымдастыруды К. үдерісінсіз елестетудің өзі мүмкін емес. Мініс аттары, өгіздері, түйелері, сондай-ақ, әртүрлі жүк тиелген арба, сүйреткі сияқты көліктің сан алуан түрлері К.-тің негізгі құралдары болды. Тарихи-этнографиялық деректерге қарағанда, жыл он екі ай көшіп-қонып жүрген қазақ арасында К.-тің бірнеше түрлері болған.
Ауыл көші – жыл маусымына және шаруашылық жағдайына сәйкес баспана мен дүние-мүлкін көліктерге ар- тып, төрт түлік малын айдап белгілі бір орынға бет түзеген ауыл. Жыл маусымдарына қарай жүрілетін көштердің ішіндегі ең тартымдысы – жайлауға көшу (қ. Жайлау).
Қыз көші. Ұзатылып бара жатқан қыздың жасау- жабдығын артқан К.-ті төркінінен алыстағанша қыз көші деп аталады. Мұндай К. мейлінше сәнделген және құрамы басқа көштерге қарағанда шағын келеді. Онда ұзатылып бара жатқан қыз бен оның анасы екі жақтағы құдалар мен күйеу жігіт және оның жолдастары мен құдалыққа барғандар ерекше сәнді ғұрыптық киімдерімен бірден байқалады (қ. Қыз көші).
Келіншек көші. Ал шығарып салушылар қоштасып кері қайтқан соң шартты түрде келіншек көші деп аталады. Он- дай көштің барар жері алыс болса көшті қорғаушы сайлауыт жігіттер ере жүреді (қ. Келіншек көші).
Қазақта әсем безендірілген, қызықты-думанды өтетін көшті сыртқы көрінісіне қарап сәнді көш немесе салтанат- ты көш деп айтады. Қыз көші немесе келіншек көші, жай- лау көші ел арасында сәнді көш ретінде қарастырылады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тұрмысын зерттеген орыс ғалымдары К.-тің мәніне, мақсатына, бітіміне және болмы- сына айырықша ден қойды. Соның ішінде, олардын назарын ерекше аударған К. салтанаты болды.
Атбасар уезі қоныстану басқармасының статисті Л.К. Чермактың қазақ К.-іне берген сипаттамасы қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тұрмысы мен мәдениетіне арнап көптеген сурет салған атақты Н.Г. Хлудовтың «Салта- натты көшімен» үндеседі. Таңдаулы түйелерді әсемдеп, әшекейлеп жүк, тең артылып, оған кілем-кілемшелермен жабылған. Көліктің бұйдасын ұстаған сәнді киінген әйелдердің, жорға-жүйрікке мінген жігіттердің жүрістері мен әуелете салған жыр-күйлері бай ауылының әлеуеті мен салтанатын паш етеді. Сауықшыл қыз-жігіттер домбыра алып, жол бойы ән салып, көштің салтанатын асырады. Жол бойы әңгіме қызып, әзіл-қалжың жарасып, думан асқақтай түседі. Салтанатты К.-тің бағыт-бағдары, қай ауылдың, қай рудың екендігі «ұзынқұлақ» арқылы әп сәтте жан-жаққа тез тарайды (қ. Ұзынқұлақ). Байлар ауылының жалшы, малшы, сауын сауатын адамдары көштің соңын ала жүреді.
Жолай кездескен жұрт, кімнің ауылының көші екендігін біліп, сый-құрметін көрсетеді.
Көштің барысын далада кездескен жолаушы немесе тұсынан өткен ауылдар тамашалап, алыстан «мынаубәлен ауылдың көші екен» деп тамашалайтын әдет бар. Мұндайда көшкендер сынға ұшырап, сөгіске қалмауға тырысады.
Қаралы көш. Кісінің қайтыс болғанын әйгілейтін, әлі де болса қара жамылып бара жатқандығын білдіретін ерекше белгілері бар К.-ті – қаралы көш деп атаған. Мұндай «көш жүргізгенде «тұл» атты ерттеп, оған тұлдың (сұлбаның) «бұты» мен «аяғын» ерге тірі адамдай орнықты қондырып, үстіне шапанын жауып, қамшысын қыстырып, тымағын ердің алдыңғы қасына іліп, әлгі «салт аттыны» марқұмның бәйбішесі қыздарымен мен келіндерімен бірге көштен оқ бойы алда жетекке алып жүреді. Ал, қыздары бөріктерін теріс қаратып киеді. Жол-жөнекей кездескен ауылға жақындағанда дауыс қылып, жоқтау айтыла- ды. Ауыл адамдары қаралы көшті тоқтатып, жұбату сөздерін арнаған соң дәм-тұзбен сыйлайды» (қ. Қаралы көш; Тұл; Аза).
Үркін көш. Ауыз әдебиет мен сөз қолданыстарында жиі айтылатын бұл ұғым туралы түрлі пікірлер бар. Үркін көш деп жұртың (ауылдың, тіпті рудың) белгілі бір саяси, әскери жанжалға байланысты, сондай-ақ, аса қауіпті індет шыққанда елдің мезгілсіз уақытта аяқ астынан көшуін айтады. Бұл жаугершілік заманындағы жаудан құтылу, тұтқиылдан жасаған шабуылдан қашу үшін зұлмат, қуғын-сүргін заманында жиі орын алған. Ал қатерлі ауру тарағанда ауру адамдарды қалдырып көшіп, індет тараған аймақтан ұзап кетуге тырысқан. Мұндайда ауыл-аймағымен берілген дабыл бойынша аз уақыттың ішінде үдере көшеді. Ондайда сән-салтанат жоқ, жанды аман алып қалу үшін малды жеделдете айдап жүреді. Мұндайда артық жүктерін жұртқа қалдырып, мүмкіндік болса көмбеге көміп кеткен (к. Көмбе2). Мұндайда суыт жүріске ілесе алмайтын малдар да қалдырылған.
Салқар көш. Орыс отаршылдығы тәртібінің қазақ өлкесіне дендеп орнығуына дейін көшпелі тіршілікте К. жыл бойында толассыз ұйымдастырылып отырылды. К.-тің салқар көш деп аталатын түрі сайын далада өте ұзаққа бағытталған күн сайын толассыз көшетін үлкен көштерге қатысты айтылады. Қазақстанның әр аймағында көш жолының қашықтығы әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік аймақтарда осы қашықтық небәрі 15-20-дан 50 шақырымға дейін болса, батыс аймақтарда, әсіресе, Маңғыстау мен Сыр өңірі қазақтары арасында жайлауға және жайлаудан күзеуге, одан әрі қыстауға көшу 1000-1200 шақырымды құраған (қ. Көш жолдары).

Даладағы тасымал көш.Фотсуретті түсірген Д. Багаев. 1929.
ҚР МОМ қорынан (ФКП 257)
Әдетте, бойлық бойлап күзде теріскейден оңтүстікке, жазғытұрым оңтүстіктен теріскейге бағытталатын салқар көш жүріп өтетін жолдың ұзындығы мың шақырымнан асады. Мысалы, Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм, Қазалы, Пе- ровск қазақтары жайылымның тапшылығына байланысты Ақтөбе мен Қостанай уезі аумағындағы жайлауға жеткенге дейін аса ауқымды жол жүрген. Гурьев, Темір, Лебщинск, Торғай, Ырғыз уезі қазақтары 400 шақырым жерге көшкен. Ондай көштер көктемде басталып, күніне орта есеппен 20 шақырым жерді басып өтіп отырды. Мұндайда жас төлдерді арбаға салып тасыған. 3-4 күн жүрген соң суатты, қолайлы жерлерде 2-3 күндік қысқа аял- дама жасайды. Мұны қазақтар көштің ерулеуі деп атайды.Таулы өңірдегі көш. ҚР МОМ жұмыс қорынан
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi»
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ