Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда бірқатар әлеуметтік төлем 10%-ға артты

Қазақстанда бірқатар әлеуметтік төлем 10%-ға артты
Фото: zakon.kz

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар 10%-ға артты, деп хабарлайды kznews.kz digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлметінше, өсім мемлекеттiң әлеуметтік міндеттемелерін индексациялауға байланысты жүзеге асырылды. Жәрдемақы мөлшері бұрынғыдай АЕК (айлық есептік көрсеткіш) бойынша есептеледі. АЕК көлемінің ұлғаюына байланысты төлемдердің нақты сомасы да артты.

2026 жылғы АЕК мөлшері

1 АЕК – 4 325 теңге
(2025 жылы – 3 932 теңге)

Кімдерге төлемдер артты?

Индексация келесі санаттарға қатысты:

төрт және одан да көп баласы бар отбасылар;

«Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;

«Батыр ана» атағын алған әйелдер;

«Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған аналар.

Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты белгіленеді.

2026 жылы төленетін жәрдемақы мөлшері

Төрт баласы бар отбасылар

16,03 АЕК

69 330 теңге

өсімі: +6 300 теңге

Бес баласы бар отбасылар

20,04 АЕК

86 673 теңге

өсімі: +7 876 теңге

Алты баласы бар отбасылар

24,05 АЕК

104 016 теңге

өсімі: +9 451 теңге

Жеті баласы бар отбасылар

28,06 АЕК

121 359 теңге

өсімі: +11 027 теңге

Сегіз және одан да көп балаға

әр балаға 4 АЕК

17 300 теңге

өсімі: +1 572 теңге

Көпбалалы аналарға төлемдер

«Күміс алқа»

6,4 АЕК

27 680 теңге

өсімі: +2 515 теңге

«Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендері

7,4 АЕК

32 005 теңге

өсімі: +2 908 теңге

Индексация үшін өтініш беру керек пе?

Жоқ. Төлемдер автоматты түрде қайта есептеледі. Егер отбасы немесе ана тиісті жәрдемақыны алып жүрсе, қосымша мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ, ұлғайтылған сома 2026 жылдың қаңтарынан бастап төленеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі