Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миландағы Олимпиадада қазақстандық төрешінің бағалауына қатысты дау күшейді

Миландағы Олимпиадада қазақстандық төрешінің бағалауына қатысты дау күшейді
Фото: Ашық дереккөзі

2026 жылы Миланда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан төрешілік еткен Надежда Парецкаяның бағалауы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жанкүйерлер оның ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянға ең жоғары ұпай беріп, ал қазақстандық спортшыларға келгенде тым қатал болғанын алға тартуда, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Желі қолданушыларының жазуынша, еркін бағдарламада Петросянның прокатына Парецкая ең жоғары бағаларды, соның ішінде компоненттер бойынша да барынша мол ұпай қойған. Ал қазақстандық Софья Самоделкинаға жанкүйерлердің пікірінше ұпай «қысқартылып» берілген. Соның салдарынан ол Олимпиаданы 10-орынмен аяқтаған.

Наразылық тек әйелдер бәсекесімен шектелмеді. Жанкүйерлер ерлер арасындағы жарыста да күмәнді жайттарды атап өтті. Олардың айтуынша, Парецкая қысқа бағдарламада Михаил Шайдоровты жетінші орынға орналастырған, ал спортшы сол сәтте көшбасшылар тобына жақын келе жатқан.

Көрермендердің пайымынша, мұндай нәтиже Шайдоровтың еркін бағдарлама алдындағы жағдайын күрделендіріп, тәуекелге баруына ықпал еткен. Ол бес секіру элементін жариялауға мәжбүр болған. Дегенмен соған қарамастан, Шайдоров алтын медаль алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Осы оқиғадан кейін қазақстандық жанкүйерлер «неге Олимпиадаға төреші ретінде 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева жіберілмеді?» деген сауалды да жиі көтере бастады. Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінен бұл жағдайға нақты түсініктеме беруді талап еткен жазбалар көбейген.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер