Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тіл тазалығы: ұлттық болмыстың айнасы ма, әлде назардан тыс қалған құндылық па?

Тіл тазалығы: ұлттық болмыстың айнасы ма, әлде назардан тыс қалған құндылық па?
Фото: Kazinform

Қазіргі қоғамда қазақ тілінің қолданылу аясы әлі де жеткіліксіз. Деректерге сүйенсек,2025 жылы елімізде қазақ тілінде сөйлейтіндердің үлесі 95 пайызы болады екен де,орыс тілінде сөйлейтін халықтың үлесі 90 пайызға тең болады деп күтіледі екен.Бұл көрсеткіш мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі үшін алаңдатарлық жағдай екені анық. Себебі тіл-тек қарым-қатынас құралы емес,ұлттың болмысы мен рухани тұтастығының айнасы.

Әлеуметтік желі және тіл мәдениеті

Кейінгі кезде цифрлық кеңістік тіл тазалығына тікелей ықпал етуде. Әлеуметтік желілерде қысқарған сөздер, қате жазылымдар, аралас сөйлемдер жиі қолданылады. Орфографиялық норма сақталмайды, тыныс белгілері ескерілмейді.

Бұл құбылыс уақыт өте келе жазба мәдениетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Әсіресе жас буын мәтінді дұрыс құрау, ойын әдеби тілде жеткізу дағдысынан алыстап барады.

Мәселе – технологияда емес, тілге деген көзқараста. Егер желідегі жазба мәдениеті жауапкершілікпен қалыптасса, ол тіл дамуына да қызмет етер еді.

Тілдің дамуы мен тазалығы: қарама-қайшы ұғым ба?

Кейбір пікірлерге сүйенсек, тіл үнемі өзгерісте болады, сондықтан кірме сөздерден қорқудың қажеті жоқ. Шынында да, кез келген тіл тарихи даму барысында басқа тілдермен байланысқа түседі.

Алайда даму мен бейберекет араластыру – екі бөлек ұғым. Тіл дамуы жүйелі, табиғи жолмен жүреді. Ал жауапсыз қолданыс – тіл құрылымының әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан тіл тазалығы консервативті ұстаным емес, мәдени жауапкершілік мәселесі ретінде қарастырылуы тиіс.

Тіл тазалығы – тек филологтардың міндеті ме?

Кейде тіл мәселесі тек мамандардың немесе мұғалімдердің жауапкершілігі ретінде қарастырылады. Алайда тіл – бүкіл қоғамның ортақ құндылығы.

Мемлекеттік мекемелердегі құжат тілінің сауатсыздығы, жарнамалардағы қате аудармалар, телеарналардағы сөз қолданысындағы олқылықтар – тіл мәдениетінің әлсіздігін көрсетеді. Егер ресми ортада тіл нормасы сақталмаса, жастардан мінсіз сауаттылық талап ету қисынсыз.

Тіл тазалығы – ұлттың ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Ол тек грамматикалық норманы сақтау емес, ойды анық әрі әдеби түрде жеткізу қабілеті.

Қазақ тілінің болашағы заңмен емес, қолданыспен айқындалады. Егер қоғам ана тілін құрметтеп, баламасы бар сөзді орынды қолданса, тіл табиғи түрде дамиды әрі сақталады.

Тілге немқұрайлы қарау – ұлттық болмысқа салғырттық таныту. Ал тілге жауапкершілікпен қарау – болашаққа инвестиция.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей интернатының 11-сынып оқушысы Пернебек Дамира

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары