ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік мектеп пәндерін біріктіру жөніндегі бастамадан бас тартты

Министрлік мектеп пәндерін біріктіру жөніндегі бастамадан бас тартты
Ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп бағдарламасына қатысты қабылданған маңызды шешімді жариялады. Министрдің айтуынша, бірқатар пәндерді біріктіруді көздеген реформа толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін физика, химия және биологияны "Жаратылыстану ғылымдары" курсына біріктіру, алгебра мен геометрияны "Математика" пәні ретінде оқыту, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" курсы аясында біріктіру жоспарланған болатын. Алайда бұл бастамадан министрлік бас тартты.

"Физика, химия және биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары" курсына, алгебра мен геометрияны "Математика" пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды. Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндерді біріктірілмейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер