Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Артық жүктемеден босатылады": Асхат Аймағамбетов барша мұғалімді қуантатын жаңалығын бөлісті

"Артық жүктемеден босатылады": Асхат Аймағамбетов барша мұғалімді қуантатын жаңалығын бөлісті
Ержан Әмірханов. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтерді артық міндеттерден қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, құжат мұғалімдерді әлеуметтік желіге рилс түсіруге мәжбүрлеу, жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруді талап ету, сондай-ақ есепті электронды және қағаз нұсқада қатар тапсыру секілді артық жүктемеден қорғауды көздейді.

"Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта мессенджерлерде жауап беруге міндеттеуден, есепті екі форматта қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік. Енді құжатты жұмысқа қабылдап, келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе", – деп жазды Аймағамбетов Threads желісіндегі парақшасында.

Ол ұстаздардың негізгі міндеті – сапалы білім беру мен тәрбиелеу екенін атап өтті.

"Мұғалімдер артық тапсырмалармен емес, білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеумен айналысуы тиіс", – деді депутат.

Жаңа заң жобасы педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ қосымша міндеттерді шектеуге бағытталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер