Бүгін – қазақ театр және кино өнерінің жарық жұлдыздарының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешованың туған күні. Ол 75 жасқа толды, деп хабарлайды kznews.kz.
1951 жылы Орал қаласында дүниеге келген әртіс бұл күндері Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978), Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1982), «Жігер» фестивалінің лауреаты (1982), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалінің, «Құрмет» (2008), «Парасат» (2017) орденінің, Қазақстан театрлар ассоциациясы «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығы «Сахналық ғұмыр» номинациясы мен ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері (2017-2018) атанған.