Біздің Президент қандай адам?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Оның әкесі Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детективті-шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушылардың бірі. Анасы Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Студент кезінде КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. Кейін Бейжің лингвистика институтында білімін жетілдіріп, 1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын аяқтаған.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Алғашқы қызметтік бағыты Сингапурдағы кеңестік елшілікпен байланысты болды. Кейін Мәскеудегі орталық аппаратта және Қытайдағы елшілікте түрлі дипломатиялық қызметтер атқарды. 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында жұмыс істеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев елдің сыртқы саясатын қалыптастыруға белсене араласты. 1992 жылы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 1993 жылы бірінші орынбасары, ал 1994 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Кейінгі жылдары ол Үкімет пен Парламент жүйесінде де жоғары қызметтер атқарды. 1999 жылы премьер-министрдің орынбасары, сол жылдың қазан айында Қазақстан премьер-министрі болды. 2002 жылы мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2003-2007 жылдары қайтадан Сыртқы істер министрі болып, халықаралық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселелеріне белсенді қатысты.

2007 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті қызметін атқарды.

Оның өмірбаянындағы маңызды кезеңдердің бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымындағы қызметі. 2011 жылы ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды.

2013 жылы Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда ол Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады. Сол жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Мемлекет басшысы болып сайланды. 2019 жылғы 12 маусымда ресми түрде қызметіне кірісті.

2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада президентті ұлықтау рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев – төтенше және өкілетті елші, саяси ғылымдарының докторы. Ол халықаралық қатынастар тақырыбында 10 кітап жазған. Сонымен қатар Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірқатар мемлекеттік наградаларымен марапатталған.

Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын ұстанады. Көркем әдебиет, саяси және мемуарлық бағыттағы кітаптарды оқығанды ұнатады. Бұған қоса, ол 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер