Ақтау қаласында "Хан" лақап атымен танымал шоумен жұбайымен бірге әлеуметтік желіде тараған жеке сипаттағы видеоға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.
Асабаның айтуынша, аталған бейнежазба жариялауға арналмаған және ешқандай хайп жасау мақсатында түсірілмеген. Оның сөзінше, видео жасырын түрде сақталған, алайда белгісіз себептермен интернетке тарап кеткен.
"Бұл хайп емес. Біз мұндай жолмен танымал болатындай ойсыз емеспіз. Видео жасырын файлда тұрған. Мүмкін, бізбен жұмыс істеген адам оны ашып, таратып жіберген шығар. Қазір бұл жағдайды анықтап жатырмыз", – деді ол.
Сондай-ақ шоумен бұл жағдайдың олардың отбасына ауыр әсер еткенін атап өтті.
Ал оның жұбайы желі қолданушыларына видеоны әрі қарай таратпауға шақырып, оны өшіруді сұрады. Оның айтуынша, өзіне бейтаныс адамдардан, әсіресе ер адамдардан көптеген хабарламалар келіп, бұл жағдай қатты күйзеліске себеп болған.