Ақтау қаласында "Хан" лақап атымен танымал асаба жұбайымен бірге әлеуметтік желіде үндеу жасап, тараған жеке сипаттағы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жұбайы жазбасын "Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте" деген жолдармен бастап, жағдайдың оңай еместігін меңзеді.
Асабаның айтуынша, бұл бейнежазба көпшілікке жариялау үшін түсірілмеген. Ол видео жасырын файлда сақталғанын, алайда белгісіз себептермен интернетке тарап кеткенін айтты.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар видеоны белсенді түрде іздеп, тіпті WhatsApp арқылы сұрап жатқаны байқалған.
Бұл жағдайды пайдаланған алаяқтар да көбейген. Кейбір Telegram-арналар "толық нұсқаны" ұсынамыз деп, қолданушылардан ақша талап етуде.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, "хан тамада мен әйелі" деген іздеу сұранысы бір тәуліктің ішінде Google жүйесінде шамамен 5 мың рет тіркелген.