Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған Алма Мырзабекова Instagram парақшасында оқырмандарына ой салатын жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол әлеуметтік желіні ашқан сайын адам түрлі эмоцияны қатар сезінетінін айтты. Бір жазба көңілге шабыт сыйласа, енді бірі терең ойға батыратынын жеткізді.
"Instagram ашқанда… Қуанарыңды да, күйінеріңді де білмей қаласың.
Бір сторис – шабыт, бір пост – ойға батырады.
Кейде Instagram – мотивация. Кейде – ішіңді тынышсыз ететін айна", – деп жазды ол.