96 жаста да ел ісіне бейжай қарамаған Бибігүл Төлегенова сайлауға қатысты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды: Сайлаушылардың 59%-ға жуығы өз таңдауын жасады

Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды: Сайлаушылардың 59%-ға жуығы өз таңдауын жасады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Сағат 20:00-де сайлау учаскелері жабылды.

Енді сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кіріседі. Ел тұрғындары бес жыл мерзімге 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлады, деп хабарлайды kznews.kz.

12 679 459 сайлаушы үшін ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі дайындалды. Оның 101-і таңғы сағат 06:00-де, қалғаны 07:00-де жұмысын бастады. Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер мынадай:

Астана қаласы – 42,92%;

Абай облысы – 68,22%;

Ақмола облысы – 56,08%;

Ақтөбе облысы – 75,69%;

Алматы облысы – 60,41%;

Атырау облысы – 54,16%;

Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;

Жамбыл облысы – 61,92%;

Жетісу облысы – 74,09%;

Қарағанды облысы – 56,42%;

Қостанай облысы – 57,14%;

Қызылорда облысы – 71,58%;

Маңғыстау облысы – 61,86%;

Павлодар облысы – 60,23%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;

Түркістан облысы – 77,58%;

Ұлытау облысы – 54,61%;

Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%;

Алматы қаласы – 37,70%;

Шымкент қаласы – 44,72%;

Республика бойынша сағат 20:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 58,55% дауыс берді.

Комиссия мүшелері қалай дайындалды?

Сайлауға қатысушылар үшін 5 743 оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған жалпы саны 101 896 адам қатысты. Олардың 86 мыңнан астамы – сайлау комиссияларының мүшелері.

Тұрғындарға сайлау туралы ақпарат теледидар мен радио арқылы, SMS-хабарламалар, мобильді қосымшалардағы ескертулер және онлайн сервистер арқылы жеткізілді. Сонымен қатар үйлерді аралау кезінде жеке шақыру қағаздары таратылды.

Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін және тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына дайын болу, заң талаптарын сақтау, дауыс беру күні мен тыныштық күні үгіт жүргізуге жол бермеу міндеттелді.

Сайлаудың ресми қорытындысы 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей анықталуы тиіс.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.