KZNews.kz
Мәдениет

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің атына көше берілмек

Ayzhan Sylanova

Жаңа атаулардың ішінде Олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі де бар. Сонымен қатар 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің атымен аталып, тағы 15 көше белгілі тұлғалардың құрметіне берілді.

Олардың қатарында академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов, тарихшы Сайым Балмұқанов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын Мұзафар Әлімбаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханов, мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаров және КСРО халық артисі Наталья Сац есімдері бар.

Ал қалған 118 көше тарихи-мәдени бағыттағы және дәстүрлі атауларға ие болды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары