Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні

Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні
Фото: instagram.com/denisten_official

Бүгін қазақ спортының тарихында есімі алтын әріппен жазылған әйгілі мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің туғанына 33 жыл толар ед, деп хабарлайды kznews.kz.

Денис Тен 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, өзінің текті әулетімен де ерекшеленді. Денис – Корей империясы дәуірінде ел қорғаған атақты қолбасшы генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Болашақ чемпион бала кезінен жан-жақты болып өсті. Ол мәнерлеп сырғанаумен қатар теннис, акробатика, таеквондо, каратэ және жүзу секілді спорт түрлерімен айналысты. Сонымен бірге би үйірмесіне қатысып, сурет салуға қызығушылық танытқан. Өнер мен спортты қатар алып жүрген Денис музыка мектебінде де білім алып, бес сыныпты тәмамдаған.

Музыкаға деген сүйіспеншілігінің арқасында ол хор құрамында өнер көрсетті. 2002 жылы Денис қатысқан хор ұжымы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Хор Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. Дегенмен уақыт өте келе ол өз өмірін кәсіби спортпен байланыстыруға шешім қабылдап, бар күш-жігерін мәнерлеп сырғанауға бағыттады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.