Оқу бағдарламасындағы өзгеріс: келешектің қамы ма, әлде кезекті реформа ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің атына көше берілді

Алматыда атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің атына көше берілді
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында бірнеше ауданның көшелеріне жаңа атаулар берілді. Тиісті шешім Алматы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысымен қабылданды, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатқа сәйкес, өзгерістер Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы бірқатар көшеге қатысты. Қаулы 2025 жылғы 8 шілдеде өткен қалалық ономастикалық комиссияның және 10 қыркүйектегі Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындылары, сондай-ақ тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылданған.

Жаңа атаулардың қатарында қазақтың көрнекті тұлғаларының есімдері бар. Атап айтқанда, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, археолог Карл Байпақовтың, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың және көрнекті тілші-ғалым Рабиға Сыздықтың құрметіне көшелерге атау берілді.

Сонымен қатар Алматыдағы көшелердің біріне Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Миннің есімі берілді. Енді «Ақмаржан» және «Ғажайып» шағынаудандарының арасындағы көше Хо Ши Мин көшесі деп аталады.

Бұдан бөлек, қала картасында Жарапазан, Жезтаңдай, Парыз, Ғұлама, Маңмаңгер және Мұнара атауымен жаңа көшелер пайда болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.