ка

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - Ел жаңалықтары

09.01.2019 19:24
0
4

Синоптиктер 2018 жылдың 10-12 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонмен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығыс аймақтарында", - делінген хабарламада. 

Мұнда түнде аяз тағы да 30-37 градусқа дейін күшейеді. Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның алқабында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар күтіліп, түнде аяз 28-35 градусқа дейін жетеді. Батыс облыстарында қысқа мерзімді суытудан кейін температураның жоғарылауы, қар және көктайғақ күтіледі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий